«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде Қазақстан Республикасында бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың кадрлық саясатына меритократия қағидасын енгізудің негізгі жолдары туралы» тақырыбына арналған Дөңгелек үстел

2018 жылдың 21 маусымында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдаумен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде Қазақстан Республикасында бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың кадрлық саясатына меритократия қағидасын енгізудің негізгі жолдары туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары:

1.Қазақстан Республикасында кадрлық саясатты реформалаудың бір бағыты ретінде меритократия қағидасын енгізу.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда, бюджеттік ұйымдарда және ұлттық компанияларда кадрларды іріктеу, әзірлеу және алға жылжыту жүйесін жетілдіруде меритократия қағидасының рөлі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

3. Кадрлық саясатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде меритократия қағидасы.

4.Мемлекеттік қызметшілер корпусы мен ұлттық компаниялар жұмысшыларын қалыптастыруда меритократия қағидасын пайдаланудың құқықтық аспектілері.

5.Алыс және жақын шет елдерде кадрлық саясатта меритократия қағидасын енгізу тәжірибесін пайдаланудың мәселелері мен перспективалары.

Дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Іс шараға алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, қазақстандық ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың қызметшілері және БАҚ өкілдері қатысады.

Іс-шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы.

Іс шараға жауаптылар – з.ғ.д., профессор Баймаханова Д.М., з.ғ.к., доцент Турсынкулова Д.А., з.ғ.к., доцент Каратаева А.М., з.ғ.к., доцент Кусаинов Д.О., аға оқытушы Нусипова Л.Б.

Өткізілу уақыты: 2018 жылы 21 маусым, сағат 11.00

Өткізілу орны: Алматы қ., әл-Фараби д., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, 309 ауд.

Басылым күні :  19.06.2018