Әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шахмат турнирі

Жасыратыны жоқ, шахмат – ежелден келе жатқан ойындардан бірі.. Ойын логиканы, есте сақтауды, зейінді шоғырландыруды, мінезді дамытуды, мақсаттылықты дамытуды, жүйелік ойлауды және т.б. қабілеттерді дамытады. Осы себепті 2018 жылдан бастап бейіндік мектепте «Шахмат» сабағы енгізілді.  

2020 жылдың 14 желтоқсанында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған оқушылар арасында командалық турнир өткізілді. Ойын барысында келесі оқушылар үздік болып шықты: 1 орын: 10 В (Ыбырайхан Руслан, Асылбек Еркін, Қайсарбек Қоснижан және Таипов Амир –қосымша ойыншы) 2 орын: 9 Б (Зейнелғабыл Ерсалим, Шаймардинов Алмаз және Жалғас Ақбота) 3 орын: Әкім Әди, Ержан Алижан және Темір Ажар)

Мұғалім: Искаков Б.А, физико-техникалық факультеттің

теориялық және ядролық физика кафедрасының докторанты

 

 

 

 

Басылым күні :  24.01.2021