Біз біргеміз

 Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты еліміздің барлық білім беру мекемелері мен оқу орындары қашықтықтан оқуға көшті. Тек оқушылар мен ұстаздарға ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымына да таңсық форматтағы онлайн оқу әдісі алғашында көңілге үрей ұялатқаны рас.

Біз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Бейіндік мектебі қашықтықтан оқыту технологиясына түгелдей ауыстық. Осы уақытқа дейінде университетімізде бұл әдістің қолданылуы, оқу ордамыздың кез келген жағдайға дайын екенінің тағы бір көрсеткіші болып отыр.

Оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс әр түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсам: Zoom, Microsoft Teams, Google Classrom, Skype, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Ең түсініктісі және қарапайымы Zoom бағдарламасы болғандықтан, сабақ кестесіне сай аталған бағдарламамен сабақ жүргізуді жөн деп санап, жұмысымызды бастап кеттік. Аталған бағдарламада (демонстрация экрана) деген батырманы бассаңыз, барлық көрнекілік құралдарыңызбен, презентация, сызба, оқу құралдарын, сонымен қатар сұрақ-жауап алмасып, видеобейнеңізді запись арқылы сақтап алуға мүмкіншілігіңіз бар. Ұжымымыздағы шұғыл және өзекті мәселелерді осы бағдарлама арқылы жүргізуге мүмкіндік туып отыр.

Қазіргі таңда интернет желісінде барлық электронды кітапханалар ашық және де әр түрлі тіл үйрену курстарыда қолданысқа ие. Бұл да білім алушыларымыздың бос уақытын үнемді және жоспарлы өткізуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.

Ел басына күн туған шақта, барлығымыз карантин талаптарын қатаң түрде орындап, үйден шықпай, денсаулығымызды сақтап, тек жақсы күнде, аманшылықта сүйікті жұмыс орнымызда кездесуге жазсын!!!

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Онгарова Ш.С.


Басылым күні :  20.04.2020