Ғылым және ғарыш тақырыбындағы ғылыми конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебі 10 қараша күні жалпы Алматы қаласының мектептері арасында«Ғарышты игерудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-зерттеу конференциясын ұйымдастырып өткізді. Конференцияға қатысу барлық мектеп оқушылары арасында онлайн түрде 1 ай бойы қабылданып отырды. Жалпы қабылданған қатысушылар саны 81құрады. Барлық қатысушылар өзіндік тақырыптармен дайындап ғылыми жобаларымен келіп қатысты. Осы тарапта қатысушылар мен қатар ғылыми жетекшілер де бұл жобаға қызығушылықтарын білдірді. Конференцияның басты мақсаты қатысушылардың яғни оқушылардың ғылымға білімге деген құлшылықтарын арттыру. Жалпы ұйымдастырылған шара негізінде Алматы қаласының әр аудан мектептерінен қатысушылар қатысты. Оның ішінде физика, математика, информатика пәндеріненқатысушылар саны – 33. Химия, биология, география пәндері бойынша – 20. Гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша – 28.

Басылым күні :  23.11.2018