Пәндер декадасы

     Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық»- деп атауы баршамыздың болашаққа деген аса зор мақсаттар мен міндеттер қояды. Осы тұрғыда бейіндік мектеп директоры Кулжанова Ботакөз Ниязовнаның, орынбасарлары Искаков Б.А. және Ертаева Б.А. жоспарлауымен бастау алған ашық сабақтар апталығы өткізілді. Бұл ашық сабақ өткізудің негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, оқушылардың ынталарын зерттеу, пікір алмасу, ортақ мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу болып табылмақ. Әр пәндер апталығын құру барысында жұмыс істеу қағидаттары ретінде мұғалімдер арасында ой бөлісу, тәжірибе алмасу, өзара қолдау көрсету, оқытушылар арасындағы сенімділік, бір – біріне қолдау көрсету басымдыққа алынған. Аталған бастама негізінде әр пәннен күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша 10 оқытушы ашық сабақтар өткізді.

Сонымен қатар пән оқытушылары әр сыныппен шығармашылық кештер ұйымдастырып, өткізді.

 

Шакирова  М.Н.


Басылым күні :  01.03.2018