БІЛІМ КҮНІ

2017 жылдың 2 қыркүйек күні ҚазҰУ-дың Бейіндік мектебінде Білім күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Мерекелік жиынды, қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп директоры Д.И.Алпысбаева ашты. Дария Исполовна жиналған қауыммен сәлемдесіп, балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға табысты оқу жылын, барлық тілектерінің орындалуын, өзекті ой туындылары мен жобаларының жүзеге асуын тіледі. Ата-аналар мен мектебіміздің оқытушылары да балаларды осы мерекемен шын жүректен құттықтады.

2016-2017 жылдың түлектерінің мерекеге қатысуы және мектебіміздің оқушыларының музыкалық номерлері мерекелік жиынның көркін кіргізді.

Жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуының хабаршысы, алғашқы қоңырауды соғу құқы мектебіміздің 11 сынып оқушылары, Гревцева Елена мен Әкімбай Абылайға берілді.

Мерекелік жиын біткеннен кейін мектептің барлық сыныптарында, «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы аясында ұйымдастырылған «Мен – өз елімнің патриотымын» деген тақырыптағы сабақ өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  04.09.2017