ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ КҮНДЕР

Ақпан айының 14-15 жұлдыздарында біз, ҚазҰУ бейіндік мектебі, ҚазҰУ география факультетіне бардық. Соның ішінде геодезия мен картография және метеостанция. Геодезия және картография кафедрасында біз, біріншіден, мұндай мамандықтың барын, екіншіден, бұл мамандық қаншалықты қиын болса, соншалықты қызық екенін және бұл мамандық иелері әрдайым жұмыс тауып, жақсы жалақы алатынын білдік. Бізді геодезия және картографиямен кафедраның 1, 2 курс студенттері мен магистранттары таныстырды. Келесі күні біз метеостанцияга бардық.ҚазҰУ-дың метеостанциясы Қазақстан бойынша оқу орнындағы жалғыз метеостанция екен. Бұл кафедрамен бізді білікті ұстаз Алия Кажыбековна таныстырды. Біз метеорологтың жұмысы қиын және үлкен жауапкершілікті қажет ететінін түсіндік. Екі кездесу де өте қызықты әрі көңілді болып өтті және біз кездесулерден жағымды әсерлер алдық. Әр мамандықтың, әр кафедраның өзінің маңызы, ешқайсысына ұқсамайтын ерекшелігі барын көрдік.Бұл бізге өте пайдалы тәжіребие болды. Осының бәрін ұйымдастырған Мая Мақсатовна мен Нұрлыбек Шамшатовичқа, екі кафедралармен таныстырғандарға, мектеп және кафедра басшылығына, бізді география факультетіне дейін аман-есен жеткізген жүргізуші ағайға алғысымыз шексіз. Өзімнің таңдаған мамндығым басқа болса да, маған геодезия мен картография да, метеостанция да қатты ұнады. Енді қандай мамандық таңдарын, қай жерде оқитындарын білмей жүрген таныстарыма, достарыма осы екі кафедраны міндетті түрде ұсынам.

 

Басылым күні :  09.06.2017