9 мамыр Жеңіс күні

Ардагер. Бұл сөзде қанша мəн жатыр… Ардагер ақын, соғыс ардагері, ардагер мұғалім жəне т.б. мұны естігенде әйтеуір бір көпті көрген, ардақты адамды елестете аламыз. Осы сөз тіркестерінің ішінде қазір тоқталатынымыз бұл соғыс ардагері. Иə,соғыс ардагерлері қазіргі уақытта жəне де әрдайым ең құрметті адам болып саналады. Жыл сайын 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күніне орай ҚР мектептерінің оқушылары қадірлі соғыс ардагерлеріне арнап түрлі тағамдар толтырылған себеп сыйлайды. Біз де, яғни Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқушылары халқымыздың сыйлы ардагерлерінің бірі Ташаухан Əлімбековтың үйіне барып, әңгімесін тыңдап, батасын алып қайттық. Бұл адам соғыс кезінде жеңіске үлкен үлес қосты деп айта аламыз. Ташаухан атамыздың соғыс жылдарында қаншама қиындықты көргенімен, өзін жəне де адамгершілігін жоғалтпаған ірі тұлға екендігін ҚазҰУ бейіндік мектеп оқушылары мақтанышпен айта аламыз.

 

Басылым күні :  16.05.2017