"Болашақ Отан қорғаушысы"

21 сәуір күні  ҚазҰУ әскери кафедрасында Қарулы Күштердің  25 жылдығына және Ұлы Жеңіс Күніне орай Алматы қаласының мектептері арасында ҚазҰУ ректорының Кубогына «Болашақ Отан қорғаушысы»  атты патриоттық ойын өтті. Бұл жарыста Алматы қаласының әр ауданынан келген ең мықты 8 мектептері бақ сынасты.  Жарыс  оқушылардың  әскери дайындықтарымен қатар шығармашылық қабілеттері мен білім деңгейлерін айқын көрсетті. Патриоттық ойын әртүрлі  қиын да қызық сайыстардан тұрды.  Осы сайыстарда көштің басын ұстап, «Бөбек»  мектебі  алтын медаль иегері болды.Ал «Бөбек» мектебін қостаған  ҚазҰУ  бейіндік  мектебі  күміс медаль  алды. Көшті аяқтап,  № 179 мектебі  қоржындарын қола медальмен толықтырды.  Бейіндік мектептің мұғалімдері мен оқушылары  «Болашақ Отан қорғаушысы» патриоттық ойынның жүлдегерлерін шын жүректен құттықтайды.

 

   

  

Басылым күні :  25.04.2017