Артиллерист. Студент. Журналист. Жазушы.

2016 жылдың 18 қарашасы Әл-фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектеп оқушыларыүшін есте қаларлық күн болып қалады. Бұл күні Алматы қаласындағы ҚР ұлттық кітапхансында халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың мемориалдық кабинеті ашылды. Өз өмір жолын Ә. Нұршайықов былай деген екен: Артиллерист. Студент. Журналист. Жазушы.

ЖазушыӘ. Нұршайықов ҚСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, А.А. Фадеев атындағы бүкіл одақтық сыйлығының лауреаты, КСРО-ның 4 ордені және оннан астам жауынгерлік медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының құрмет грамоталарымен, Тәуелсіздік жылдарында жазушы "Ерен еңбегі үшін" (1995) медалімен және "Парасат" (2005), "Отан" (2010) ордендерімен марапатталған.

Мұражай кабинетінің ашылу салтанатында белгілі ақын-жазушылар, көрнекті өкілдер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің қоғам қайраткерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектеп оқушылары іс-шара барысында ҚР жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің, Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің әңгімелерін тыңдап, Ә. Нұршайықов өмірі мен шығармашылығы туралы "Жүрек жарды" (авторы Жадыра Сейдеш, 2010 ж.) фильмін тамашалады. Ә. Нұршайықов атындағы стипендиясына жыл сайын өтетін жастар арасында"Адам және Әлем" әдеби конкурсының бейне баянымен танысты. Айтпақшы, Бейіндік мектеп оқушылары аталған сайыстың талай рет жеңімпаз атануда. Әзілхан Нұршайыхов армандауға болатын өте қызықты және мазмұнды өмір сүрді.


 


Басылым күні :  22.11.2016