Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі «22-қыркүйек–Қазақстан халқының Тілдер күні» мерекесіне орай, 2016 жылғы 22 қыркүйек күні Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау мақсатында және тілдің мәртебесін көтеру негізінде «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты салтанатты іс- шара өткізді.

Мақсаты- оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу болды. Іс - шара өтетін орынға мектеп оқушыларының тақырыптық қабырға газеттері ілініп, қанатты сөздер жазылды, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар көрмесі мен рефераттар қойылды.Осы мерекеге байланысты бейіндік мектеп оқушылары Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Баубек Бұлқышев атындағы және «Алтын адам» сыйлығының иегері, Қазақстан Гуманитарлық академиясының және Журналистер академиясының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі публицист, журналист, Республикалық қоғамдық – саяси «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіппен кездесу өткізді.Бейіндік мектептің оқушылары сыйлы қонақпен пікір алмасып, өз өнерлерімен бөлісті.

Бүгінгі«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, осы айтулы мерекемен барша елімізді құттықтаймыз.

 

Басылым күні :  28.09.2016