ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БЕЙІНДІК МЕКТЕБІНДЕ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің бейіндік мектебінде  ҚР 25 жылдығына арналған спартакиада өтті. Жарысқа қатысушылардың айтуынша, белсенді ойындар серіктестік рухын нығайтуға көмектеседі, салауатты өмір салтын насихаттайды

 26 сәуір мини-футболдан 10-11 сыныптар арасында спартакиада басталды.

Футбол - тоқтағанға шыдамсыз ойын! 

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты. Жарыстың соңында жеңімпаздар анықталды:

1 орын - 11 сыныптар құрама командасы

2 орын - 10 сыныптар құрама командасы

3 орын - қыздар құрама командасы

 

 

 Жарыстың соңында жеңімпаздар кубок, грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Басылым күні :  10.05.2016