Наурыз мейрамы

Салт – дәстүрді сақтай отырып...

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінде 2016 жылдың сәуір айының11-16 аралығында ашық сабақтар апталығы өткізілді. Бұл ашық сабақ кезінде қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндерінің бірлесіп өткізген «Наурыз мейрамы - 2016» атты сабағын ерекше атап айтуға болар еді. Бұл сабақтың мақсаты – өскелең ұрпақты ұлттық салт – дәстүрді сақтауға, қадірлеуге тәрбиелеу еді. Мектептегі жалпы 11 – сынып оқушылары өз тобын «Абай ауылы», ал 10- сынып оқушылары – «Жамбыл ауылы» деп атады. Әр ауыл қазақтың ұлттық тағамдарын дайындай отырып, дастархан жайды. Оқушылар үйден өз қолдарымен «Наурыз көже» және басқа да ұлттық тағамдарын дайындап келіпті, сонымен бірге олар қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерін де көрсете білді. Атап айтқанда – «Құда түсу», «Қыз ұзату», «Наурыз тойы», «Тұсау кесу» т.б. 10- сынып оқушыларының «Тұсау кесу» рәсіміне шынымен де бір жасқа енді толып, жүруге талпынған нәрестенің тұсауын мектеп директоры Алпысбаева Дария Исполовна кесіп, нәрестеге білімнің қара шаңырағы Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – де тұсауы кесілгендіктен, оған білімді үлкен азамат болып, дені сау, бақытты, «Қазақ елінің мақтанышы бол!»,- деп тілек айтты.

Қазақтың тойы айтыссыз өтпеген ғой, әр ауылдың балалары өз елін жырға қосып, домбырамен айтыса да алды. Жігіттер «Қара жорғаға» билесе, қыздар мың бұралып «Қамажайға» билеп, қалыспады.

«Сабақ-міх» мерекелі қалыпта өтті....

 
   

Бейіндік мектеп педагог-психолог: Имантусупова А.

Басылым күні :  19.04.2016