«Жоғары педагогикалық білімді модернизациялау» атты ғылыми-әдістемелік семинар

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Біздің басты он игіліктеріміздің ішінде адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуметіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі – біздің халқымыз бен бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа, ірі, неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз»- деген еді. Білім беруді заман талабына сай ұйымдастыру – қазіргі күннің талабы.

Осы бағытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде көптеген жұмыстар атқарылып, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай игілікті істің бірі 2016 жылдың   5   қаңтар  күні    Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген «Жоғары педагогикалық білімді модернизациялау» атты ғылыми-әдістемелік семинар.

Семинарға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы, акадамиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры – Калымова Г.А., жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы – Канаева А.Ж., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі- Байназарова Т.Б., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы – Агеева Л.Е.,   Жаратылыстану факультетінің деканы  Кішібаев  Қ.О., Жаратылыстану факультеті, химия кафедрасының меңгерушісі   Мырзахметова Н.О.,  химия кафедрасының оқытушылары  Қуанышева Ж.Қ. және  Құдайбергенова  Г.Н., Аргынбаева З.М.,  Жексембиева Б.Т.,  Досжанова Г.А. және басқа да оқу орындарының өкілдері  қатысты.  Семинар 4 бағытта жүргізілді:

1) Физика-математикалық;

2) Әлеуметтік-гуманитарлық;

3) Химия-биологиялық;

4) Жаңа буын педагог кадрларын даярлау.

Семинарда қазіргі заман талабына сай педагог кадрлар даярлаудың мәселелері қарастырылып, оқытушылар Назарбаев зияткерлік мектебінің зертханаларымен танысып, ұстаздарымен тәжірибе алмасты.

Мырзахметова Н.О. – химия кафедрасының меңгерушісі

Басылым күні :  09.01.2016