Қазақстан халықтарының тілдері күні

Бейіндік мектепте «Қазақстан халықтарының тілдері күні» аясында бірқатар іс-шаралар өтті. Олар: «Үздік эссе», «Мәнерлеп оқу», «Өз шығармашылығын мәнерлеп оқу», «Үздік көрініс», «Үздік қабырға газеті» сайыстары. Одан ары бұл іс-шара «Әр тіл – адамзаттың байлығы» атты фестивальмен қорытындыланды. Фестиваль барысында әр түрлі ұлт өкілдері өз ана тілдерімен қатар қазақ тілінде өлең-жырларын оқып, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті. Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл саясатын» насихаттау барысында оқушылар өз өнерлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде паш етті.

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде өнер көрсетуде

                                     "Магбет" көрінісі
1-курс ПДР-107 тобының білім алушысы Тураева Наргиз ағылшын тілінде ән шырқауда. "Қазақстан халықтары тілдері күніне " арналған фестивальдің аяқталуы

Басылым күні :  31.10.2015