Қазақ Ұлттық Университеті Назарбаев Зияткерлік мектебінде ашық есік апталығын өткізді

Мектеп-колледж-ЖОО» концепциясын іске асыру мақсатында білім деңгейлері бойынша орта білім жүйесін іске асыру үшін Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу жолында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектеп Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика бағыты бойынша және ақпараттық байланыс технологиясын енгізу мақсатында апталық өткізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Бейіндік мектепте қазан айының 5-10 жұлдызы аралығында Назарбаев зияткерлік мектебінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дің кәсіби бағдар жөніндегі көрмесі өткізілді.


                                 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дің кәсіби бағдар жөніндегі көрмесі

Бейіндік мектептің директоры Д.И.Алпысбаева өз сөзінде: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы жолдауында: білімнің дамуы мен адам капиталының дамуы бірінші кезектегі маңызды мәселе деп атап көрсетті. Президент зияткерлік мектептерді үкіметтің орта білімді реформалаудың тәжірибе алмасудағы стратегиясының бір бөлімі ретінде алды және сонымен бірге зияткерлік мектептің негізгі мақсаты – Қазақстанның зияткерлік әлеуетін көтеруге жәрдемдесу. Зияткерлік мектептердің негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті түлектерді дайындап қана қою емес, сонымен бірге жалпыға бірдей сапалы білім алу үшін Қазақстанның орта білімді дамытуда өз тәжірибесін таратуы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінің негізгі міндеті оқу, оқу-әдістемеліктің мазмұнын жаңарту, дифференциалды, оқытуда жоғары оқу орнымен тығыз байланыста болу және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасын енгізу.

  • Бейіндік мектеп мұғалімдерін Назарбаев зияткерлік мектебімен таныстыру;
  • Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сыныптарының ашық сабақтарына қатысу;
  • Назарбаев зияткерлік мектебінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорларының баяндама оқуы;
  • Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен Бейіндік мектеп оқушылары арасында жарыссөз өткізу;
  • Студенттер мен оқушылар арасында шебер- сабақтар өткізу.

 

                                            Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектеп директоры Д.И.Алпысбаева



Профессор, председатель олимпийского резерва Казахстана Бекешов К.Б.  

 

«Жылу физикасы және техникалық физика» кафедрасының доценті, ф.ғ.д. Кашкаров В.В.


                                             Назарбаев зияткерлік мектебінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары қонақта

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен Бейіндік мектеп оқушылары арасындағы жарыссөз



                        Студенттер мен оқушылар арасында шебер- сабақтар

Шара аясында ұйымдастырылған «Ғылыми бейсенбілікте» университет ғалымдары мектеп оқушыларының факультеттер жайында білімін толықтырды. Атап айтқанда, профессор Құрманғали Батырбекұлы Бекешов өз сөзінде ұлттық университетте химия мамандарын дайындау бағыттарына тоқталды. Қазақстанның атын әлемге танытуда бұл ғалымның алар орыны ерекше. Өмірінің 30 жылдан астам уақытын халықаралық олимпиадаларға қатысатын шәкірт тәрбиелеумен өткізіп келе жатқан профессордың өскелең ұрпаққа айтары аз болмады. Осы күнге дейін жеткен жетістіктерін оқушылар назарына ұсынған Құрманғали Батырбекұлы Назарбаев мектебінің тәлімгерлерін ұлттық университетке оқуға шақырды.

Ал «Жылу физикасы және техникалық физика» кафедрасының доценті, ф.ғ.д. Кашкаров Владимир Васильевич оқыған аспан әлемінің адам баласы мән бере бермейтін қыр-сыры туралы дәрісі оқушыларды еліктіріп әкетті. Жер-Ананың күн жүйесіндегі, ғаламдағы орнын физикалық заңдылықтар арқылы түсінуге тырысқан ғалым Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәлім алып жүрген оқушыларға тылсым дүниені бірге зерттеуге әрқашанда дайын екенін жеткізді.

PhD докторы Алмас Кунгожин оқушылармен интерактивті дәріс өткізді. Ғалым өз сөзінде физика-математика пәндерін тереңдетіп оқитын балалар үшін осындай шаралардың ұйымдастырылғаны өте маңызды деп атап өтті. Отандық жоғары оқу орындарын таңдап, өз потенциалын елдің ертеңіне жұмсауға даяр болашақ талапкерлер қатары көп. Оларға білім беріп бағыттайтын оқытушы-ғалымдар намысты, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге бар күштерін салмақ.


Басылым күні :  24.10.2015