"Мектеп президенттері одағы" ұйымының бірінші жиналысы. "Тайм-менеджмент & Өз өміріңнің қожайыны бол" тақырыбында тренинг.

     «06» ақпан 2023 жылы мектебіміздің президенті Бақдәулет Мұратжанұлы Саякаттың бастамасымен алғаш рет "Мектеп Президенттері Одағы" құрылды. Сағат 13:30-да Алмалы, Талғар, Медеу аудандарынан 17 мектеп президенттері бас қосты.Отырыста МПО-ның 2022-2023 жылына өткізетін іс-шаралары талқыланды. Одақтың бас төрағасы болып мектеп президенті-Бақдәулет Мұратжанұлы Саякат тағайындалды. Сонымен қатар, мектебіміздің әдіскері Бахытжан Арайлым Бахытжанқызы мектеп президенттеріне "Тайм-менеджмент & Өз өміріңнің қожайыны бол" тақырыбында тренинг жүргізді.

 


Басылым күні :  17.04.2023