«ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының X Республикалық конференциясы

     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында 2023 жылы 18 ақпанда Бейіндік мектептің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және әл-Фараби атындығы ҚазҰУ Бейіндік мектебінің 10 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының X Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конференциясы жоғары деңгейде өткізілді. Конференцияда 280 қатысушының ғылыми жұмыстары мен баяндамалары ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстары, сондай-ақ ғылыми өнертабыстары ұсынылды.


Басылым күні :  17.04.2023