Психологиялық тренинг

     27 қаңтар күні мектебіміздің педагог-психологы Ақнұр Қайнарқызы мен оқу іс-тәжірибесін өтуге келген болашақ психолог мамандармен 11 «А» ҚГБ сыныбында психологиялық тренинг өтті. 10 оқушы қатысқан тренинг мақсатытүлектердің емтихан алдындағы қобалжуын басып, тетілеуге сеніммен баруын қамтамасыз ету, оқушылардың стресске төзімділігін арттыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында оқушылар белсенділік танытып, болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін, неліктен сол мамандықты таңдағандарын айтып, түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Тренинг-жаттығулар мен ойындарға белсене қатысқан оқушылар өздерінің сергіп қалғандарын, бұндай тренингтердің жиі өткізілуін қалағандықтарын айтты. Мектептің психологиялық қызметі әр сыныппен және жеке оқушымен, сонымен қатар ата-аналармен де психологиялық жұмыстар жүргізетінін хабарлайды.


Басылым күні :  17.04.2023