Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зоологиялық мұражайына экскурсия өткізді

21 қазан күні биология ғылымдарының кандидаты, зоолог Анара Бахытқалиқызы ҚазҰУ-дың Бейіндік мектебінің химия-биология бағытындағы 9 сынып оқушыларына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зоологиялық мұражайына экскурсия өткізді.Экскурсияның мақсаты: оқушыларды Қазақстан фаунасымен, омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың алуан түрлілігімен таныстыру, жануарлардың негізгі түрлік құрамы мен таралу заңдылықтарын зерделеу.

Басылым күні :  31.10.2022