ХХI ғасыр көшбасшысы

19 қазан күні 10-11 сыныптар арасында «ХХI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті. Сайыстың мақсаты - мектептегі жоғары сынып оқушыларының жан-жақты ізденісін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ҰБТ-ға дайындығын арттырып, білімдерін жетілдіру.

Сайыстың нәтижесі бойынша III-орынды 10а «ҚГБ» бағытындағы сыныптың оқушысы Сарсен Балауса, II-орынды 10а ФМ2 бағытындағы сыныптың оқушысы Канатов Райбек иеленді. I жүлдегелі орынды 10б ФМ2 бағытындағы сыныптың оқушысы Маратұлы Азат иеленіп, жеңіске жетті.

Басылым күні :  28.10.2022