«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ашық сабақ

18 қазанда 11-сыныпта «Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту» тақырыбында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Ұстаз: Жексембаев Шыңғыс Исабекұлы. Сабақтың негізгі мақсаты-ҚР экономикасының даму тарихын қарастыру және негізгі стратегиялық бағдарламаларды талдау.

Сабақта миға шабуыл әдісі қолданылды. Барлық оқушылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Тақырыпты бекіту үшін «Сөзді ойлап тап» ойын әдісі қолданылды.

Басылым күні :  28.10.2022