Ботаникалық баққа экскурсия

7 қазанда химиялық-биологиялық бағыттағы 8-11 сынып оқушылары үшін қалалық ботаникалық баққа экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның мақсаты: оқушыларды өсімдіктермен, олардың тіршілік әрекетінің ерекшеліктерімен, табиғаттағы рөлімен, басқа организмдермен қарым-қатынасымен, табиғи қауымдастықтардың әртүрлілігімен, жоғары өсімдіктердің әртүрлілігімен, біздің өлкеміздің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерімен таныстыру.

Ботаникалық бақтың қызметкері, зерттеуші ғалым, биология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Құрманбаева оқушылар үшін өте қызықты және танымдық экскурсия өткізді.

Іс-шараны биология пәнінің мұғалімі Р.У. Мұсабаев ұйымдастырды.

Басылым күні :  28.10.2022