«Білім берудің инновациялық әдістері: дағдылар, технологиялар»
2015 жылдың 20 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде(230 аудитория) «Дарын» және Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты қалалық мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Білім берудің инновациялық әдістері: дағдылар, технологиялар» атты Республикалық семинар болып өтті.
Мастер-класстар мен семинарларды 3 кафедраның (Баспа және электронды БАҚ; жалпы және этникалық педагогика; жалпы тілтану және шетел филологиясы.) профессорлары мен оқытушылары жүргізді. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасынан – А.Қ. Мыңбаева, З.М. Садвакасова.
Басылым күні : 27.03.2015