«Елін сүйген елбасы»

Желтоқсан айының 2-сі күні «Айналаңды нұрландыр жобасы» аясында ҚР тұңғыш президент күніне байланысты, «Елін сүйген елбасы» тақырыбында елбасының даналығы мен даралығы жайлы жас оқырмандармен дөңгелек үстел түрінде ашық талқылау жүргізілді. Дөңгелек үстеліміз ҚР-ның әнұранымен басталды.

Дөңгелек үстел барысында, Елбасы жайлы толық мәлімет қамтылған презентациялық жұмыс қорғалды. Елбасының өмірбаяны жайлы баяндама оқылды. Ашық пікір алмасу әсем әнмен өз жалғасын тапты. Бүгінгі «Елін сүйген елбасы» тақырыпта өткізілген дөңгелек үстел жан-жақты талқылау барысында қойылған мақсат орындалды деп ойлаймыз.

Дөңгелек үстел барысында талқыланған пікір алмасу өз мәресіне жетіп,соңында бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырушы оқытушы Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызы өз сөзімен қортындыланып естелік суретке түсті.

Ұйымдастырушылар:

оқытушы Қ.Б.Жұмабекова

Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану

мамандығының 3-курс студенттері

Басылым күні :  10.12.2016