«Ерліктің символы – Махамбет поэзиясы»

02.12.2016 ж. философия және саясаттану факультетінің, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында Махамбет Өтемісұлы. Таңдамалы шығармалары» кітабындағы париоттық тәрбие бағытындағы шығармаларына орай «Ерліктің символы – Махамбет поэзиясы» тақырыбында талдау жасау шарасын өткізді.

Осы мақсатқа орай, магистранттар Махамбет Өтемісұлының патриоттық рухтағы Таңдамалы шығармаларының шығу тарихына тоқталып, оларды мәнерлеп оқу арқылы аталған бағыттағы тақырыпты ұмыт қалдырмауды талқылады. Атаулы іс-шараға доцент Ашекеева Қ.Н., 6М012300-әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс магистранты атсалысты. Шара нәтижелі өтті деген ойдамыз. Біз, яғни педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітапты талқылауды жалғастыра береді!

Басылым күні :  09.12.2016