«Зиянды әдеттерсіз жарқын өмір»

29.10.2016 жылы «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистранттары п.ғ.к. Қасен Гүлмира Аманқызының жетекшілігімен «Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында «Зиянды әдеттерсіз жарқын өмір» атты акция өткізді. Акцияның ұйымдастырушылары мен қатысушылары ауа шарларын алып, қала көшелерінде өз шарларын темекіге айырбастады. Акция мақсаты - салауатты өмір салтына тұлғалық және қоғамдық маңызды қатынас қалыптастыру, өзінің денсаулығы мен қоршаған орта жағдайына жауапкершілікті қатынасты жарнамалау, асоциалды мінез-құлыққа қоғамдық негативті қатынас қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын-алу жұмысын өткізу. Қала тұрғындары акцияға жоғары қызығушылық көрсеткендіктен, ұйымдастырушылар 50-ден аса темекі қорабын жинады.

Басылым күні :  08.11.2016