Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Әдібай Табылдыұлымен кездесу ұйымдастырылды.

13 қазан «100 кітап» жобасы аясында философия және саясаттану факультетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Әдібай Табылдыұлымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуге №182 жалпы білім беретін мектептің, ҚазҰУ бейіндік мектептің оқушылары, философия және саясаттану факультетінің студенттері мен магистранттары қатысты.

Бастауыш сынып оқушылары Әдібай Табылдыұлының өмірбаянынының кейбір тұстарын атап өтіп, тақпақтарын айтты. Әдібай Табылдыұлы оқушылар мен студенттердің сұрақтарына қуанышпен жауап берді. Кездесудің қорытынды бөлімінде 2-курс магистранты Әдібай Табылдыұлына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры ретінде өз алғысы мен еңбектеріне құрметін жеке шығармашылығымен білдірді.

Әдібай Табылдыұлы ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғыс айтып, философия және саясаттану факультетіне өз кітаптарының жинағын сыйға тарту етті.

Ұйымдастырушылар п.ғ.к. Г.А. Қасен және «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистранттары.

Басылым күні :  31.10.2016