Қайырымдылық акциясы

«Айналанды нұрландыр» жобасының аясында 27 - 30 сәуір аралығында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы Қазақстан Қызыл Айы қоғамымен бірлесе отырып «Твори добро» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға философия және саясаттану факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Олардың әрқайсысы киім, ойыншықтар, кітаптар, кеңсе тауарларын, спорттық құрал-жабдықтарын өткізе отырып мұқтаж адамдарға өз көмек қолын ұсынды. Жиналған заттарды студенттер мен магистранттар Қызыл Ай қоғамына өткізіп, қоғамның басшылары мен қызметімен таныс болды. 29 сәуір күні студенттер мен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары «Донор болу - өмір сақтап қалу» атты қайырымдылық акциясына өз еріктерімен қатысуға ынта білдіріп волонтер ретінде акцияға ат салыса көмек көрсетті.


 

 

 

 

 

 


Басылым күні :  06.05.2016