«Квиллинг техникасы – шығармашылықты дамыту құралы ретінде» атты мастер-класс

27 сәуір 2016 ж., сағ. 12.30 Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Квиллинг техникасы – шығармашылықты дамыту құралы ретінде» атты мастер-класс өткізді. Мастер – класс барысында квиллинг техникасының тарихы, оның мүмкіндіктері мен шығармашылықты дамытудағы маңыздылығы жайлы, тұлға ретінде қалыптасудағы квиллинг техникасының рөлі, оқу-тәрбиелік жұмыс үдерісіндегі квиллинг техникасының мүмкіндіктері жайлы сөз қозғалды. Мастер-классқа магистранттар мен студенттер қатысып, жағымды әсер алып қайтты. Әрбір қатысушы квиллинг техникасы жайлы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтып өтті. Мастер-класс соңында қатысушылардың жасаған бұйымдары мен өнімдері өздерінде қалды.

Ұйымдастырушы: Шағырбаева М.Д. және 1 курс магистранты Искакова Ж.

Басылым күні :  30.04.2016