«Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде № 9 жатақханада «Кафедра күніне» орай тәрбиелік іс-шара

2016 жылдың 26 ақпанында 18.30 да «Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде № 9 жатақханада «Кафедра күніне» орай тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттерді кафедра тарихымен, оқытушылары және бүгінгі тынысы, жаңалықтарымен таныстыру болатын. Бағдарламада: тақырыптық видеоматериалдарды талдау, кафедра тарихына шолу, домбырадан күй шертіліп, түрлі ойындар, психологиялық тренингтер жүргізілді. "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 1-2 курс студенттері белсенді қатысты.

Ұйымдастырушы: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы Қасен Г.А. және қазақ бөлімінің 1-курс магистранттары «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығы.

Басылым күні :  15.04.2016