Профессор Әдібай Табылдиевтің өмірі мен шығармашылығы жастарға өнеге

24 қараша күні Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті п.ғ.к., Ұ.Б. Төлешова «Педагогика және психология» мамандығының 1-курс студенттері және «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранты Профессор Әдібай Табылдиевтің «Өмірі мен шығармашылығы жастарға өнеге» атты ашық кураторлық сағатын өттізді. Педагогика ғылымдарының докторы, ұстаз - ғалым, ақын, жазушы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, республикалық Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері Әдібай Табылдиев арнайы қонаққа шақырылды.

Әдібай Табылдиев ұлағатты ұстаз – қазақ халық педагогикасының негізін қалаушы ғалым. Әдібай Табылдиев 1944 жылдан бері 66 жыл бойы (соның ішінде 25 жыл ауыл мектептерінде, 30 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде) ұстаздық ұлы жолда ғылыми педагогикалық еңбекте тер төгіп, татымды табыстарға ие болды. Ғылыми педагогикалық, әдістемелік еңбектер (511 мақала, 15 кітап) жазып іс-тәжірибелерін қолданысқа ендірді.Жазушы,ақынның қазақ сатирасына сіңірген еңбегі - бір төбе. «Қой бағу оңай ма?», «Үлкендерге үлес», «Мен кіммін,білесің бе», «Әзіл-оспақ,сын-сықақ» атты жинақтарындағы мысқылдар мен мысалдар, шымшыма шумақтар, сықақ әңгімелер, интермедиялар сатиралық сахналарда көрсетіліп келеді.

Ұлағатты ұстазымыздың адамгершілік қадір-қасиеттері шәкірттер арасында аңызға айналған. Оның бай эрудициясы мен интелектісі, дәріс оқудағы шешендігі мен шеберлігі шәкірттерге әрқашан өнеге. Көркем мінезі, үлкенге құрмет кішіге қамқорлық көрсете білетін ерекше адами қасиеттері баршамызға үлгі.

Кураторлық сағатында студенттер Әдібай Табылдиевтің рубаяттарын айтып, Мейманхан Шолпанның «Ұстазға арнау» атты өз шығармашылығынан өлең жолдарын жолданды, студенттер ақынға өз көкейлеріндегі сұрақтар қою арқылы жауаптарын алды.

Әдібай Табылдиевтің Өмірі мен шығармашылығының жастарға берер өнегесі зор!

Басылым күні :  07.12.2015