Халықаралық студенттер күніне арналған акция

17 қараша 2015 жылы философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс магистранттары «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында Халықаралық студенттер күніне арналған акция өткізді. Іс-шаралар әлемнің түрлі елдерінде студенттер кунінің мерекелеу нысандарын идеясын кеңейтуге бағытталды. Іс-шараның соңында студенттер барлық жақсы және жылы тілектері мен құттықтауларын арнайы ұйымдастырылған стендте қалдыру мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастырушылар: Анарбек Н. Касен Г.А.

Басылым күні :  19.11.2015