«Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі»

18.10.2015ж. 19:00 – 20:00 сағатта, №9 жатақхананың Акт залында «Дені саудың-жан сау» жобасы аясында студенттермен «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» атты пікір алмасу, кеңес беру тәрбиелік іс- шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты қазіргі өскелең ұрпақтың дені сау, білімді, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу үшін, олардың дұрыс тамақтануы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Дені сау ұрпақ болашағымыздың алтын тірегі. Сондықтан дұрыс тамақтану туралы видеофильмдер көрсетілді, кеңестер берілді, студенттер дән риза болды.

Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының оқытушылары: доцент Р.С.Касымова, С.А.Рамазанова

Басылым күні :  03.11.2015