«Кітап –мәңгілік мұра»

13.10.2015 ж. №9 жатақхананың Акт залында 19:00 – 21:00 сағат аралығында «100 кітап» жобасы бойынша «Кітап –мәңгілік мұра» атты әдеби дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кеш өте қызықты өтті.   «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері белсенділік көрсетті, өздерінің оқыған кітаптарынан үзінділер оқыды, өлең айтты, қара сөздер оқыды. Сұрақтар қойылып, жауаптар алды. Кітап онлайн kz. Сайтының жауапты редакторы кешіміздің қонағы болды. Студенттер көптеген пайдалы мәліметтер алды. Кеш соңында студенттер ризашылығын білдірді. Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының оқытушылары: Р.С.Касымова., Таубаева Ш.Т., Рамазанова С.А., докторанттар Таубаев Ж., Борибаева Г.

Басылым күні :  22.10.2015