«Ювенологиялық құқықтың қалыптасуы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің шарты ретінде» атты дөңгелек үстел

2015 жылдың 16 қыркүйегінде Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен факультет деңгейінде «Ювенологиялық құқықтың қалыптасуы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің шарты ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысы барысында жасөспірім шақтағы тұлғаның әлеуметтенуі, даму ерекшеліктері, мәні, қиын балалар және қиын тәрбиелеу, кәмелетке толмаған балалардың құқықтық мәртебесінің қалыптасу кезеңдері, Қазақстан Республикасының Заңнамалығы бойынша кәмелетке толмаған балалардың азаматтық-құқықтық мәртебесі, әлеуметтік педагогтардың кәмелетке толмаған жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмысының мәні т.б. мәселелер талданды.

 Ұйымдастырушылар: Булатбаева А.А., Шагырбаева М.Д., Рамазанова С.А., Амитов С.А.

Басылым күні :  17.09.2015