«Білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» (Щучинск қ)

2015 жылдың 2 сәуірінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушысы Садвакасова З.М. «Балдәурен» Республикалық оқыту-сауықтыру орталығанда (Щучинск қ) «Білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» мектеп психологтарына арналған Республикалық инструктивті семинарға белсенді қатысушы болды.

Садвакасова З.М. «Педагог-психолог іс-әрекетіндегі жасөспірімдер мінез-құлқын ретке келтіру бойынша қазіргі технологиялар» тақырыбындағы инновациялық бағдарламалар вернисажын және «Мектептің оқу-тәрбиелеу үдерісіндегі іс-шараларды өткізудің инновациялық формалары» воркшоп ұйымдастырды.

Басылым күні :  08.05.2015