«Жеке бастық, Әлеуметтік, Кәсіби, Өмірлік сәттіліктер»

17.10.2017 жылы сағат 18.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  философия және саясаттану факультетінің 1 курс магистранттарымен (мамандықтар: мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтену мен әлеуметтік жұмыс)  «Жеке бастық, Әлеуметтік, Кәсіби, Өмірлік сәттіліктер»  тақырыбында  тәрбиелік іс-шара семинары  өткізілді.  

      Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

    Тәрбиелік іс-шара -семинары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. магистранттарға сәттілікке жетудің психологиялық аспектісі мен әрбір тұлғаның дамуындағы маңызды  орны бар жеке бастық, әлеуметтік, кәсіби, өмірлік сәттіліктер жайлы көптеген психологиялық технологиялар мен тәсілдер туралы қызықты фактілер мен оқиғаларды баяндады.

Сәттілік - басқалардың құқықтарын бұзбай өзіңіздің басты нақты өмірлік мақсаттарыңызға жету екендігі жайлы магистранттармен интеллектуалды диалог негізінде сәттілік феноменінің психологиялық табиғаты талданды. Сәттіліктің мәнділігі сонда, жеке бастық триумфты ешқандайда материалды құндылықтар айырбастай алмайтыны жайлы айта келіп, профессор С.Қ. Бердібаева сәттілікке жетудің      көптеген маңызды психологяилық жақтарын баяндады.

   Тәрбиелік іс-шара-семинар барысында  1 курс магистранттарына сәттілік феномені  жайлы көптеген видеолар мен слайдтар көрсетілді,  психологиялық тәрбиелік іс-шара  өте қызықты және жоғарғы мазмұнды  деңгейде өтті.

 

Басылым күні :  28.11.2017