Білім беру интернационализациясы: мүмкіндіктері және перспективасы

2015 жылдың 9 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетінде іскерлік кездесу аясында шетелдік серіктес Климента Орхидский атындағы София Университетінің білім беру бойынша психолог Виолета Добичинамен «Білім беру интернационализациясы: мүмкіндіктері және перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында факультеттің кафедра меңгерушілері, кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары, қос диплом бағдарламасына жауаптылар және  факультет белсенділері қатысты. София Университетінің „ПРЕДТЕЧИ БГ” академиялық және мәдени тәжірибе алмасу компаниясының директоры Виолета Добичина өз баяндамасында ҚазҰУ және басқа жоғары оқу орындарының жүзеге асқан білім беру бағдарламалары туралы және болашақта жүзеге асыратын идеялармен бөлісті. София Университетінің жанында Қазақ тілі орталығының  ашылғандығы туралы және  осы орталықты безендіруге көмек көрсетуге жұмыс жүргізілетіні туралы айтты.

 

Факультет деканы А.Р. Масалимова  өз кезегінде София Университетімен бірлескен коптеген жаңа жобалардың тізімін, соның ішінде магистратура бойынша екідипломды бағдарлама, және жақын ара уақытында жүзеге асыруға арналған этномәдениетті және халықаралық психологиялық мектеп бойынша оқу тәжірибесі айтып ұсынды.
Аталмыш дөңгелек үстел басқа кафедра басшылықтарының тарапынан көптеген қызығушылықтар туындайтындай өте қызықты болып өтті.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін факультеттің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары Б.Б. Мейрбаев Виолета Добичинаны киізбасудан мастер-класс жобасы аясында Этномәдени: «Қазақ мәдениеті» бағыты бойынша жоспарланған "Aigul Line" киізбасу компаниясының директоры Айгуль Жансериковамен кездесу ұйымдастырды. "Aigul Line" компаниясы 2002 жылдан бері қазақтың қайта жаңғыртуға қажетті - киізбасу салтын жандандырып отыр.
Оқу тәжірибесінің бағларламасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының және Болгария Республикасының академиялық және мәдени алмасуы аясында өңделіп отыр. Практика бағдарламасы теориялық материалдармен қатар, экскурциялық іс-сапарлар және мастер-класстар өткізуді жоспарлап отыр.

 

Виолета Добичинаның келуінің соңғы күнінде философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р. Масалимова өз атынан оның бірлескен жобаларды жүзеге асырууда берген қолдауы және көмегіне алғыс айта келе, өз атынан орталықтың дамуы мен гүлденуіне табыстар тілей келе, София Университетінің жанында Қазақ тілі орталығына сыйлықтар тапсырды, сонымен қатар ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың арықарай жалғасуына сенім білдірді.

 


 Болгария ЖОО ынтымақтастық координарторы,
 жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. М.П. Кабакова

Басылым күні :  15.10.2015