ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ПРАКТИКТЕРІ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ

Жұмыста полиграфты және басқа да заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып психофизиологиялық зерттеулерді жүргізу бүкіл әлемнің күш құрылымдары мен азаматтық ұйымдарының кадр қызметтерінің өмірлік маңызды  қажеттілігіне айналғанына біраз уақыт болды. Осы технологиялар кадр қауіпсіздік мәселелеріне өзінің баға жетпес үлесін қосады. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің бір бөлігі тәжірибеден біршама артта қалуда, олардың бір бөлігі "ҚҰПИЯ" белгісімен қорғалады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы психофизиологиялық әдістерді дәлелді, сауатты және тиімді пайдалану ғылыми-әдіснамалық негіздерді дамытусыз және зерттеулердің нәтижесін ауқымды мәліметтер жинағында эмпирикалық тексерусіз мүмкін емес.

23-25 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Александр Петрович Сошников – Ресейдің жетекші полиграфологы, «Диана» және «Диана-Бейне» кәсіби компьютерлік полиграф кешенінің автор-құрастырушыларының бірі бастаған «Жалғандық детекторының ұлттық мектебі» қолданбалы психофизиология орталығы (Мәскеу, РФ) делегациясымен кездесу өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей және басқа елдердің барлық күш ведомстволарының бірқатары кадрлық жұмыста осы «Диананы» пайдаланады.

Сапардың мақсаты - білім және ғылым саласында жаңа өзара әрекеттестік бағыттарын жасау, мамандардың біліктілігін арттыру және студенттер мен магистранттарды персоналмен жұмыс жасаудың жаңа әдістеріне үйрету үшін заманауи психофизиологиялық технологияларды дамытуда екі мемлекеттің ғалымдары мен практиктерінің күшін біріктіру болды.

Ғылым-білім беру қызметін жүргізу үшін «Жалғандық детекторының ұлттық мектебі» қолданбалы психофизиология орталығының мамандары ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасына «Диана-Бейне» кешенін және «Диана» компьютерлік полиграфын өтеусіз пайдалануға берді. Енді жақын уақытта кафедраның базасында психофизиологиялық зерттеулер орталығы құрылады. Сапар барысында жүргізілген практикалық сабақтар мен дәрістер ғалымдар, оқытушылар және студенттер үшін үлкен қызығушылық туғызды.

А.П. Сошников өз сөзінде әділ атап өткендей, ғылымның шекарасы мен ұлты жоқ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Жалғандық детекторының ұлттық мектебі» қолданбалы психофизиология орталығының ынтымақтастығы жемісті және өзара пайдалы болады деп үміттенеміз.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы сапарды ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсеткені үшін Ларина В.В. және Нурмаханбетов  А.Л. зор алғыс білдіреді.

 


Басылым күні :  19.11.2019