«Коучинг психологиясы» және педагогикалық практика курсы аясында «Есту машықтарын дамыту» тақырыбына арналған тәрбиелік іс-шара, 2-бөлім.

Күні –09 қараша 2017 ж.
Уақыты – сағ.13.00
Өткізу орны: ФФИП, ауд. 314.
Ұйымдастырушылар: псих.ғ.канд, доцент М.В. Мун, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 2 курс докторанты В.П. Трубников
Қатысушылар: «Психология» мамандығының 3 курс бакалавр студенттері
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: сұхбаттасушының өзінің және де өзгенің эмоцияларын тыңдай білу қабілетін қалыптастыруға ықпалдасу.
Әдістемелік қамтамасыз ету: презентациялар, аудиоматериалдар.
Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер психологтың жұмысында кездесетін есту машықтарын дамытудың маңыздылығы тақырыбымен неғұрлым тереңірек танысты.
Тәрбиелік іс-шараның басында оның теориялық бөлімі таныстырылды, мұнда практикант-психологтар үшін есту машықтарының маңыздылығы ғана емес, сондай-ақ оны психологтың өз қалаған арнасына бұру шеберлігі де ашылып көрсетілді, себебі сабақтың бірінші бөлімінде айтылғандай, адамның тыңдай білу қасиеті – бұл өте сирек кездесетін ұлы шеберлік, бұның арқасында байланыс орнатылып, сұхбаттасушының беті қаратылады, ал бұған қол жеткізу үшін психолог бәрінен бұрын өзінің ішкі дүниесін табиғатына келтіріп, дайындап, содан соң барып қана іс-шараның теориялық бөлімінде аталып өткендей, клиенттерге ақыл-кеңес беруі тиіс. Іс-шараның теориялық бөлімін құрастыру кезінде De Gelder, B., Lass, N. J., Evan Asano, Захарова А.С. еңбектері пайдаланылды. Содан кейін практикалық тапсырмалар мен жаттығулар өткізілді, атап айтқанда: Захаров А.С. әзірлеген «сұхбаттасушыны өзіне қарату жолы: сәтті сұхбаттың 12 ережесі», сондай-ақ назар мен зейінді жақсартуға септігін тигізетін дыбыс аудиожазбаларын тыңдау пысықтаулары жүргізілді.
Келесі кезеңде практикалық тапсырмалар талқыланып, кері байланыс орнатылды.
Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер тақырыпқа белсенді түрде қатысты және де дәрісханада шығармашылық ойлау әрі ізгі ниеттілік ахуалы орнады.

Басылым күні :  02.12.2017