«619011-epp-1-2020-1-kz-eppka2-cbhe-jp климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелерді бейімдеу үшін геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар» (GEOCLIC) жобасының конференциясы

17.03.2021 ж. Еуроодақ ЭРАЗМУС+ бағдарламасы бойынша, грантхолдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылатын «619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелерді бейімдеу үшін геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар» (GEOCLIC) жобасының онлайн бастапқы конференциясы өтті,. Жоба жеті елдің 17 ұйымын біріктіреді және жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру - ӘШҚҚ жобаларына жатады. Бастапқы конференцияға GEOCLIC консорциумының ұйымдарынан 50-ден астам адам қатысты. ҚР-дағы ЭРАЗМУС+ ұлттық кеңсесінің өкілі Айгүл Мылтықбаева мен ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айжан Смаилова құттықтау сөз сөйледі. Жобаға қатысушылардың әрқайсысының мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері талқыланды. Жоба координаторы, механика кафедрасының меңгерушісі Зауре Рақишева жоба менеджменті бойынша баяндама жасады.

Жобаның стратегиялық мақсаты: Каспий экожүйесін жақсарту.

Негізгі мақсаты: экология, жағалау инженериясы және басқару саласында мамандар даярлау.

Жоба шеңберінде өткізілетін іс-шаралар: оқытушыларды даярлау; инновациялық оқу жоспарлары; GEOLAB және GEOCOF құру; пилоттық оқыту; оқу жоспарларын аккредиттеу.

Жобаның күтілетін нәтижелері: геокеңістіктік технологиялар және жағалаулық экожүйелердің экологиялық мониторингі бойынша бакалавриат/ магистратура/ докторантураның жаңа/жаңартылған оқу бағдарламалары; GEOLAB және CVE функциялар үшін заманауи оқыту ортасы ретінде; академиялық оқытушыларды қайта даярлау; GEOLAB және CVE-де жаңа/жаңартылған оқу жоспарлары бойынша Мастер-кластар және пилоттық оқыту; GEOCOF-та біліктілікті арттыру курстары.

GEOCLIC консорциумының мүшелері.

Бағдарлама елдері: Германия – Берлин техникалық университеті, EXOLAUNCH GmbH компаниясы; Румыния – Констанца теңіз университеті; Литва – Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университеті; Нидерланды – Твенте университеті, Геоинформатика және Жерді бақылау факультеті.

Серіктес елдер: Қазақстан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерия университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "География институты"; Әзірбайжан – Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан Ұлттық авиация академиясы, Әзірбайжан сәулет-құрылыс университеті, Мингячевир мемлекеттік университеті, Халықаралық экоэнергетика академиясы; Түрікменстан – С. А. Ниязов атындағы Түрікмен ауыл шаруашылық университеті, Магтумгули атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті, Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті.

Туралина Динара

Механика кафедрасы

Басылым күні :  23.05.2021