«Қолданбалы математика және механика» атты ғылыми конференция өтті

Механика-математика факультеті механика кафедрасының профессоры, ф.м.-ғ.д. белгілі ғалым Айдархан Жүсіпбекұлы Қалтаевтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 45 жыл толуына орай «Қолданбалы математика және механика» атты ғылыми халықаралық онлайн конференция-семинар өтті.

Халықаралық конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мухамбетқали Мырзабайұлы Буркитбаев салтанатты түрде ашып, Университетіміздің ректоры Ғ.М.Мұтановтың құттықтау сөзін жеткізді және мерейтой иесін «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін дамыту жолдағы еңбегі үшін» әл-Фараби күміс медалімен марапаттады. Құттықтауда профессор А.Ж.Қалтаевтың ғылым мен білімді, шет елдер арасындағы ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді.

Конференцияны модераторлар – механика - математика факультетінің деканы PhD Д.Б.Жакебаев пен механика кафедрасының доценті PhD  М.С.Тунгатарова жүргізді.

Ғылыми конференция-семинар барысында қолданбалы математика және механиканың заманауи мәселелері тақырыбында ғылыми баяндамалар жасалды. Айта кетсек АҚШ –тағы Питсбург университетінің профессоры Peyman Givi «Some Influences of the Big Data Revolution and the Second Quantum Revolution in Turbulence Modeling and Simulation» атты тақырыпта, Индияның Каликут технология ұлттық институтының профессоры Jayaraj Simon «Energy efficient operation of PV-T solar collectors with heat pump based water heaters suitable for domestic application», Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Jian-Ping Wang «Recent Progress on Continuously Rotating Detonation Engine» тақырыбында, Жапониядағы Токио университетінің профессоры Shinichi Nakasuka «Novel Space Utilizations by University Micro/nano/pico-satellites» атты тақырыпта , Нұр Сұлтандағы  AITU университетінің профессоры Дархан Ахмед-Заки «Intellectual computational models for enhanced oil recovery» тақырыбында, Профессор Балакаева Г.Т. профессор Қалтаев Айдархан Жүсіпбекұлының ғылыми зерттеулері жайлы баяндамалар жасады.

Шет елдік қонақтардың барлығы дерлік өздерінің құттықтауларында профессор Айдархан Қалтаевтың дүниежүзіне танымал ғалым ғана емес, сонымен қатар жақсы дос екендігін де атап өтті. Сонымен қатар талай шет елдік ғалымдардың бір-бірімен жақын танысуларына да Айдархан Жүсіпбековичтің себепші болғандығы айтылды. Шет елдік қонақтар профессор А.Қалтаевтың шақыруымен алғаш рет Алматы қаласына келген кездерін, оның ішінде Алматының табиғатын, әсем тауларын естеріне түсіріп, жақсы естеліктерімен бөлісті.

Конференция баяндамаларынан соң профессор А.Қалтаевты, бүгінгі таңда шет елдің түкпір түкпіріндегі әлемнің топ университеттерінде қызмет етіп отырған шәкірттері Ибраева Aйжан (Stanford University, USA) Айдын Айтжан (University of Pittsburgh, USA), Ыбырайымқұл Досхан (KAUST) байланысқа шығып, құттықтады.

Профессор А. Қалтаевты әріптестері профессор Мансуров З.А., М.Қ.Орынханов, Профессор Н.М.Темірбеков, Профессор С.Ибраев, курстас достары  Б.Байжанов  пен Б.Омаровтар да құттықтады.

Механика кафедрасының меңгерушісі З.Б.Ракишева да мерейтой иесін құттықтады және механика кафедрасының 85-жылдығы, профессор А.Қалтаевтың 70 жылдығына орай өткізілген механика пәндері бойынша олимпиада жеңімпаздарын марапттады.

Соңында профессор А.Ж.Қалтаев барлық халықаралық конференцияға қатысқан әріптестеріне және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Бұл онлайн конференцияға 100 ден аса адам қатысты.Конференция өте жоғары деңгейде өтті.

18.12.2020

Автор:

Механика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к

Туралина Динара Елеусизовна

https://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/21579/

https://vk.com/wall-181736180_137

Басылым күні :  23.05.2021