Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы

Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының 1-4 курс студенттерімен өткен «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты ашық куратор сағатының

 

Хаттамасы

2017 жылдың 6 желтоқсан күні 519-аудиторияда сағат 16:00 – де «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты ашық куратор сағаты өтті.

   Негізгі қатысушылар: Биотехнология кафедрасының оқытушылары, «Биотехнология» мамандығының 1-4 курс студенттері.

Мақсаты:

  1. Тәлімгерлерге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Кеш барысында биология және биотехнология факультетінің 1-4 курс студенттері жасаған Елбасы Н.Назарбаевтың өмірбаянынан сыр шертетін және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен (1991-2015 жж) даму жетістіктерін мәлімдейтін деректі фильмдер мен тарихи презентацияларға шолу жасалды және студенттердің орындауында әндер айтылды, күйлер шертілді.

Еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, Қазақ елінің бүгіні мен ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақтар аман болсын!

Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Басылым күні :  08.12.2017