АШТЫҚТЫ ЖОЮ: ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

14 сәуір 2023 жылы Биотехнология кафедрасында студенттер және магистранттармен Тұрақты даму мақсаттарының бірі "Аштықты жою, тағам қауіпсіздігін сақтауға үлес қосу" мәселесін талқаланды. Тағам қауіпсіздігі – адамдардың салауатты өмір сүруіне жеткілікті, қауіпсіз азық-түлікке физикалық және экономикалық қолжетімділігі бар жағдай. Әрбір елдің міндеті азаматтарының қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету және аштықтан азат болуын қол жеткізу. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінгенімен, шаруалардың фермерлердің кейбір мәселелері әлі де шешімін таппай келеді, тағам өнімдерінің кейбір түрлеріне (құс еті, балық, шұжық, жеміс, қант, құрғақ сүт) жоғары импорттық тәуелділік сақталуда. Аталған мәселелерді шешу үшін ауыл шаруашылығын тұрақты дамуы жолына қою қажеттілігі туындады және оның даму әлеуеті өте жоғары. Осы орайда кафедрамыздың бітіруші курс студенттері Бейсебек Ж., Теміржанова Д., Мәзбаева Д., Мұратбекова А. өз ой пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын, ұсыныстарын ортаға сала білді.

Ғылыми жетекші: Доцент Нармуратова М.Х.