«Красота спасет МИР!» іс-шарасы өткізілді

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2015 жылдың 15 сәуірде  биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының «Биотехнология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен  «Красота спасет МИР!» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерде патриотизм сезімін,  сымбаттылықты қалыптастыру, әсемдікке, сұлулыққа үйрету, оны бағалау.

Іс-шара барысында студенттерге видеофильмдер көрсетілді, ол фильмдерде әдемі парктер, фонтандар, каньондар, жануарлар, өсімдіктер, т.б.) бейнеленген.

Ары қарай профессор Шоинбекова С.А. баяндама жасады. Баяндамада «Әдемілік Әлемді құтқарады» проблеманың шешімдерін әлемге танымал адамдардың көзқарастары келтірілген, мысалы: психолог, адам жанының терең түсінетін өткен ғасырдың жасушысы Федор Михайлович Достоевский. Оның айтуынша, өмірде көптеген қиындықтар бар (соғыс, экологиялық катастрофалар, нашар әлеуметтік тұрмыс, т.б.), бірақ, қандай уақыт болса да, көп жағдайда дамның бетәлпеті, прическасы немесе киімі емес, биіктікте Адамның жан дүниесі болады. Ф.М. Достоевский «әдемілік» деп адамзат арасындағы, адамның жан дүниесінің гармониясы болу керек деп анықтаған.

Шекспир шынайы махаббаттың әдемілігін жазып, «адам неғурлым көп берсе, өзінде одан көп қалады деген». Ол шығармаларында басқа адамның бақыты мен болашағы  үшін жанын берген адамдардың сұлулығын, әдемілігін бейнелейді.

Әлемде көптеген легендаларда батыр, адамшылық қасиеттері мол, жүрегі таза, жарқын тұлғалардың образдары әлі ел аузында. Рафаэльдің  «Мадонна с младенцем» суретіне қарап, аналық сұлулықты көреміз.  Ана баласы үшін қандайда қиындықты жеңе алады.  Ал, Антон Павлович Чеховтың «адамда барі сұлу болу керек» деген сөздері бәріміздің есімізде. Сондықтан, барлығымыз сұлу, жан дүниемізді әдемі балуымыз керек, сонда ғана басқа проблемаларды (соғыс, ашаршылық, катастрофалар, т.б.) қорықпай шешеміз.  Жан дүниемізде гармония болса, «Сұлулық Әлемді қорғайды!»

Студенттер «әдемілік», «гармония», «сезім» түсініктерін белсенді талқылады.  Іс-шараға белсенді қатысты.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті (ГУК-6), 10 аудитория, 1 этаж.

Уақыты: 15 сәуір 2015 ж., сағат 18.00-19.00.

 

Басылым күні :  11.05.2015