Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады!

01.03.2023 жылы эдвайзер Болатхан Кенжегүл мен 1 курс БТ-22-01 және БТ-22-02 топ студенттері аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет таныту мақсатында «Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, студенттер бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағаты 519 аудиторияда, сағат 15:00 өткізілді. Ашық тірбие сағатына биотехнология кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсекеева Фариза Кудайбергеновна қатысты. Студенттер ашық тәрбие сағатына белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті, бірі ән айтса, екіншілері өлен шумақтарын оқыды. Ашық тәрбие сағаты студенттерді басқа қырынан, оқудан бөлек атмосферада тануға мүмкіншілік берді.

Студенттер ашық тәрбие сағатынан алған өз әсерлерімен бөлісті:

Іңкәр: «-Ашық тәрбие сағаты маған өте қатты ұнады. Тәрбие сағатында әрқайсысымыз өз аналарымызды еске алып, алыста жүрсекте құрметімізді білдіруге мүмкіндік берді. Достарымды да басқа қырынан танып, өнерлеріне тәнті болдым».

Аружан: «-Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ашық тәрбие сағаты арқылы біз аналарымызға деген құрметімізді көрсетуге, анамызға деген сағынышымызды әнмен жеткізуге мүмкіндік берді. Маған тірбие сағаты ұнады».

 

Эдвайзер: Болатхан Кенжегүл

Басылым күні :  14.03.2023