SLS HOMO. Дүниежүзілік философия күні

2014 жылдың 27 қараша күні философия және саясаттану факультетінде дүниежүзілік философия күніне орай іс-шара өткізілді. Дүниежүзілік философия күні ұлы ойшыл Фридрих Ницшенің 170 жылдығына және мәдениеттану ғылымының бастауын қалаған Қазақстандағы тұңғыш постмодернист профессор Нұржанов Бекет Ғалымжанұлын еске алуға арналды. Іс-шараға философияның және саясаттану факультетінің деканы профессор Масалимова А.Р., әл-Фараби орталығының директоры, профессор Алтаев Ж.А., философияның кафедрасының доценттері Борецкий О.М., Ж.А.Әмірқұлова., Т.Ю.Лифанова, философия және саясаттану факультетінің, шығыстану, халықаралық қатынастар факультетінің бакалаврлары қатысты. "Ницше біздің замандасымыз ?!." атты философиялық қонақ бөлмесінде екі белгілі постмодернисті еске алып, дүниежүзілік және отандық философияға және мәдениеттануға бұл тұлғалардың қосқан үлесі, Ницше философияның ерекше мазмұны бар мұрасы талқыланды. Профессор Нұржановтың Ницше философиясына деген көзқарасы студенттердің қойылымы арқылы көрсетілді. Бүгінгі күні жас ұрпақтың мықты адам және идеалды адамның орны туралы көзқарастары О.М.Борецкийдің киноклубында талқыланды. Іс-шараның авторлары және ұйымдастырушылары: философия кафедрасының доценті Мямешева Г.Х. және магистрант Кіндікбаева К.К. және SLS HOMO үйірмесінің мүшелері.

Басылым күні :  02.04.2015