Біздің серіктестеріміз

Kаzarian Art Center 

https://www.kazarianartcenter.com/

Әртүрлі тұжырымдамалар мен бағыттардың жобалары жүзеге асырылатын, сонымен қатар көркемдік көрмелер мен оқиғалардың платформасы және Қазақстандағы ең ірі галерея. Арт-центр өз жұмысын 2015 жылдың қараша айынан бастап, сол кездегі ірі көрме кеңістіктердің вакуумын толтыру арқылы, Алматыдағы белсенді көркемөнердің географиясын кеңейтті. Өнер орталығының кеңістігі үш деңгейде орналасқан галерея залдарынан тұрады, сондай-ақ, белгілі қазақстандық суретшілер балалар мен ересектерге арналған керамика негіздері, сурет салу, кескіндеме және басқа шығармашылық сабақтар өткізетін студия орналасқан. Kazarian Art Center орталығы Қазақстан және халықаралық көркемдік іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астанада Экспо-2017 мәдени бағдарламасының аясында Астанада Бірінші Еуразиялық мүсіндік биеннале уйымдастырылып, өткізілді.

Kazarian Art Center көрмесі қазақстандық және шетелдік суретші, мүсінші, фотографтардың модерннен бастап контемпорари артқа дейін қамтитын жұмыстарының кең ауқымын ұсынады. Біз классикалық, сондай-ақ концептуалды көркемөнердің түрлерін экспонаттаймыз. Монументалды, білдекті, камералы шығармаларды ұсынамыз. Kazarian Art Center-де практиканттардың әлеуметтік жобалау бойынша менеджерлерге арналған профессионалды құзіретін калыптастыру мақсатында, біздің сферада практикалық жұмыс тәжірибесін алуға, мүмкіндік беру мақсатында, өндірістік практика өткізілді.

Студенттер Kazarian Art Center орталығының тікелей қызметіне қатысу арқылы, негізгі және профильді цикл пәндерінен теориялық білімдерін нығайтты. Олардың тәжірибелік дағдылары болашақ мансапта кез келген ұйымдастырушылық қызметте пайдасына жарайды. Тәжірибеден өтушілер, сонымен қатар өз білімдерін жеке тұлғаның философиясы, эстетика, этика, әлеуметтік антропология, логика, дайындықтағы риторика, көрмелерді ұйымдастыру мен өткізу, дәрістер өткізу, презентация, оқу жоспары мен практикалық бағдарламаға сай талқылауға қатысу мүмкіндігін алды.

«Алтын ғасыр» экология және мәдениет қауымдастығы

Қазақстанның «Алтын ғасыр» экология және мәдениет қауымдастығы мәдениет, өнер және әдебиет мәселелерімен айналысады. Қауымдастықтың басты мақсаты - Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясы арасында инновациялық интеллектуалды қызметтің дамуына қолдау көрсету және оны насихаттау. Ассоциацияның мақсаттары: семинарлар ұйымдастыру, дөңгелек үстелдер, қазіргі заманғы мәдениеті мен қазіргі заманғы ойлау мәселелері бойынша конференциялар мен дәрістер, қазіргі заманғы мәдениеттану ой арқылы ұлттық мәдени мұраны түсіну, кітаптар мен журналдар жариялау.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия факультетінің студенттері қауымдастықтың іс-шараларына белсене қатысады. Олар "Тамыр" философия журналын құруға көмектесіп, Алматыда поэзиялық кеш ұйымдастыруға атсалысты. Қауымдастық философия факультетіне және философия кафедрасына алғыс  білдіреді және одан әрі ынтымақтастыққа дайын. 

Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01.08.2014 жылы құрылды. Қалада 34 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этномәдени бірлестіктер қызметінің негізгі мақсаттары - ұлттық салт-дәстүрлерді, этникалық топтардың дәстүрлерін, ұлттық тілдерді және мәдениетті дамыту және қолдау.

       Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобы (ҒСТ) Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының тұрақты жұмыс істейтін кеңестік-талдау органы болып табылады. Ғылыми-сарапшылық тобы 2012 жылддың наурызында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының негізінде ашылды. ҒСТ құрамында қазақстандық қоғамдағы этносаралық қарым-қатынас саласын зерттейтін, Алматы қаласының ҒЗИ мен мемлекеттік ЖОО үздік саясаткерлері, әлеуметтанушылары, философтары мен Алматы қаласының этнономәдени бірлестіктерінің (ЭМБ) жетекшілері бар.

       Ғылыми-сарапшылық тобының негізгі міндеттері:

       Алматы қаласындағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үдерістерін кешенді сараптамалық бағалау, аталған үдерістердің қалада, мемлекетте және әлемде дамуын болжау; Алматы қаласының ҚХА қызметінің өзекті этносаясатына бағыттарына ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу; Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру; Қазақстан Халқы Ассамблеясын саяси және азаматтық институттарының рөлін арттыру мен қазақстандық қоғамның бірлігін жасау мен этносаралық және конфессияаралық келісім моделін жетілдіру, жалпыға бірдей ұлттық бірлікті жеткізу. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы біріншіден Алматы қаласының этносаралық қарым-қатынастарының жағдайын зерттеуге және еліміздегі ең ірі мегополисінде тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеуге жұмылдырылған.

        Ғылыми-сарапшылық тобының бастамасы бойынша Алматы қаласы ҚХА хатшылығымен әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып, жұмысшы және студенттік жастармен, мектептерде, лицейлерде, колледждерде, әскери оқу мекемелерде, әскери комиссариаттардың әскерге шақыру пунктерінде, зауыттарда және өндірістік мекемелерде кездесулер өткізіліп тұрады. ҒСТ БАҚ және телеарналармен тығыз қарым-қатынас орнатуда белсенділік танытуда, олар «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен 2020 жылға дейінгі ҚХА даму Тұжырымдамасы аясында ҚХА міндеттері туралы сұхбат беріп, өткізілген этномәдени іс-шаралардың мақсаттары туралы материалдар жариялады.

      2016 жылдан бастап Алматы қаласының әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" бірлестігі - әл-Фараби атында,ы Қазақ ұлттық университетінің Философия кафедрасы студенттерінің өндірістік практика базасы. Студент-философтар ҚМУ-ң "Қоғамдық келісім" кафедрасының нақты және жанданған жұмысына қосылып, "Медиа-педагог, Медиа-білім беру саласындағы маман" кәсіби біліктілігін қалыптастырады.