Кафедра тарихы

Философия кафедрасының тарихы әл-Фараби атындағы философия және саясаттану факультетінің тарихымен тығыз байланысты.

1946 жылы көрнекті ғалым, дипломат, қоғам қайраткері, сол кездегі С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың ректоры, профессор Төлеген Тәжібаевтың бастамасымен филология факультетінде логика және психология бөлімі ашылды.

 

Философия кафедрасының

1949 – 1961 жж. меңгерушісі

ф.ғ.к. доцент Н.П. ДАРДЫКИН

 

(1961 – 1971 жж.) Философия кафедрасының
меңгерушісі филос.ғ.д.,
профессор Ж.Т. ТУЛЕНОВ

(1971-1984 жж.) Философия кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.д.,
профессор Н.С. СӘРСЕНБАЕВ

 

1949 жылы философия және экономика факультеттері құрылды, философтардың тұңғыш деканы болып философия ғылымдарынынң кандидаты, доцент Н.П. Дардыкин тағайындалады. 1951 жылы факультеттер біріктіріліп философия-экономика факультеті ашылады. Факультетті экономика ғылымдарынынң кандидаты, доцент Ф.А. Жеребятьев басқарады. Философия-экономика факультеті (ФЭФ) 1954 жылға дейін жұмыс істеді. Оның жабылуына КПСС Орталық Комитетінің философ кадрлер Кеңестер Одағының орталық жоғарғы оқу орындарында ғана, яғни Мәскеу, Ленинград және Киев мемлекеттік университеттерінде дайындалу керек деген шешімі себеп болды.

Философия кафедрасы жалпыуниверситеттік марксизм-ленинизм негіздері деп аталған кафедрадан бөлініп шықты. 1949 жылы философия факультеті қалыптасқаннан күннен бастап ашылды. 1949 жылдан 1961 жылға дейін кафедраға үздіксіз Н.П.Дардыкин жетекшілік етті. 1961 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны көрнекті қазақстандық ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Т. Туленов басқарды.

1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде, сондай-ақ философия-экономика факультетінде үлкен құрылымдық өзгерістер болды. Марксимзм-ленинизм кафедрасынынң негізінде төрт оқу-ғылыми бөлімдер пайда болды:

  • Жаратылыстану факультеттері үшін философия кафедрасы;

  • Гуманитарлық факультеттері үшін философия кафедрасы;

  • Тарих философиясы және логика кафедрасы;

  • Этика, эстетика және ғылыми атеизм кафедрасы.

 

Бұл кафедраларды философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Х. Рахматуллин; философия ғылымдарның докторы, профессор Н.С.Сарсенбаев; философия ғылымдарының кандидаты, доцент М.Н. Чечин; философия ғылымдарының кандидаты, доцент И.И. Байзақов басқарды.

Осылайша, 1971 жылдан бастап философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасының өзіндік тарихы басталды, кафедра гуманитарлық мамандар дайындайтын философия кафедрасы деп аталды. Нақ осы кезден бастап кафедраның тұңғыш меңгерушісі, профессор Н.С. Сәрсенбаевтың жетекшілігімен ұжым қалыптасты. Кафедраның дәстүрі мен іс-қызметі қоғам, адам проблемасы және әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің әдістемесі проблемаларын философиялық зерттеулердің дамуына негіз болды.

Кафедраның құрылымына Н.С. Сәрсенбаевтың бастамасымен, сондай-ақ көрнекті қазақ философы, философия ғылымдарының докторы, профессор М.М. Сужиковтың қолдауымен тұңғыш социологиялық зерттеулер жүргізетін лаборатория ашылды. Бұл лаборатория республикамызда кәсіби социологиялық білімнің қалыптасуы мен дамуына жағдай жасады.

1971 жылдан 1991 жылы философия және экономика факультеттері екіге бөлінгенге дейін кафедраның ұжымы философиялық білім, ғылым және жас кадрлерді дайындау салаларында көп жұмыстар атқарды.

Оқытушылардың арасында ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстары және педагогикалық іс-қызметі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай болған мына төмендегідей адамдар қызмет еттті: Ұлы Отан Соғысының ардагері, доцент С.М.Рахымбаев (1924-2001); доцент А.С. Сұрапбергенов (1920-1987); 1953-1954 жж. факультеттің түлектері доцент А.Д. Ажибаева, аға оқытушы И.С. Хорошилова; қазіргі кезде атақты педагог-ғалымдар - профессорлар Р.Б. Әбсаттаров; Т.Х. Ғабитов  және керемет педагог әрі ғалым, доцент В.И.Ротницкий.

1984-1987жж.Философия
кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д.,
профессор А.Х.ТҰРҒЫМБАЕВ

(1987-1992 жж.) кафедраның
меңгерушісі ф.ғ.д., профессор
О.А. СЕГІЗБАЕВ

 

Саясаттағы секілді, қоғамдық өмірдің өзге де салаларында көптеген нәрсе жетекшіге, көш басшыға байланысты. Тек табысты ғалым болып қана қою жеткіліксіз, сондай-ақ ол ғылымды талантты үйымдастырушы, дем беруші, жас ғалымдарға үлгі бола білулері керек. Кафедраны құрылған күнінен бастап осындай қасиеттерді бойына сіңірген адамдар басқарды.

1984-1987 жж. кафедраны әлеуметтік философия бойынша бірқатар зерттеулердің авторы, ф.ғ.д., профессор А.Х. Тұрғымбаев басқарды.

1987-1992 жж. кафедраны көрнекті ғалым, философия тарихшысы, қазақ ұлттық философиясынынң тарихы бойынша атақты ғылыми басылымдар мен оқулықтардың авторы, ф.ғ.д., профессор О.А. Сегізбаев басқарды.

1993 – 2000 жж. кафедраның меңгерушісі ф.ғ.д., профессор
А.Х. ҚАСЫМЖАНОВ

2000 -2003 жж. кафедраның меңгерушісі ф.ғ.д., профессор М.Ш. ХАСАНОВ

 

2003 – 2013 жж. кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор
Ж.А. АЛТАЕВ

2013 - 2020 жж. кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор

Г.Ж. НҰРЫШЕВА

 

2020 жылдан кафедра меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты

Әсет Абайұлы ҚҰРАНБЕК

 


1993-2000 жж. кафедраға атақты қазақстандық ғалым, ф.ғ.д., профессор, Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.Х. Қасымжанов (1931-2000) жетекшілік етті. А.Х.Қасымжановтың қазақ философиясы тарихы, Шығыс философиясы, әл-Фарабидің шығармашылығы туралы еңбектері бүкіл әлемге белгілі.

2000 жылдың қараша айынан бастап 2003 жылдың наурыз айына дейін кафедраны белгілі қазақ ғалымы, педагог, ғылымды ұйымдастырушы, ф.ғ.д., профессор М.Ш.Хасанов басқарды.

2003 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін кафедраны А.Х.Қасымжановтың шәкірті, ф.ғ.д., профессор Алтаев Ж.А. басқарды. Ол елімізде қазақ ұлттық философиясы мен әлеуметтік философияның мамандарының бірі ретінде танымал. Алтаев Ж.А. факультетте қазақ бөлімдеріне бірқатар түбегейлі және арнаулы курстар енгізді. Мысалы, «Адам және қоғам философиясы», «Қазақ философиясы», «Құқық философиясы», «Философиялық антропология», «Қазақ философиясының антропологиялық дискурсы», «Ғылым тарихы мен философиясы» ж.б. Ол көптеген типтік бағдарламалардың авторы. Сондай-ақ Ж.А.Алтаев көптеген философиялық оқулықтардың авторы. Оның жетекшілігімен жас мамандар ғылыми зерттеу жұмыстармен шұғылданып, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғады.

2013-2020 жылдары кафедраны филос.ғ.д., профессор Г. Ж. Нұрышева  басқарды. Ол – қазақ философиясын зерттеуші, әйгілі ғалым О.А.Сегізбаевтың шәкірті. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университеті философия-экономика факультетінің «Философия» бөлімін бітірген. 1992 жылы «ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының қоғамдық санасы» тақырыбына кандидаттық, 2002 жылы «Адам өмірінің мәні мәселесінің қазақ философиясында көрінісі» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының (ҚР ҒБМ грифі берілген), Қазақстан, Ресей, Франция, Польша, Чехия, Монғолия, Түркияда жарық көрген 100-ден астам мақалалардың авторы.

Оның қызметінің қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары: оқу үрдісі мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының сапасын жақсарту, халықаралық байланыстарды кеңейту, кафедарының ғылыми-инновациялық қызметін күшейту, кафедра оқытушыларының Thomson Reuters, Scopus базаларына кіретін мақалаларының санын арттыру, «Al-Farabi university smart-city» ғылыми-инновациялық жобасын жүзеге асыруға кафедраның белсене қатысуы және т.б.

1985-90-шы жж. кадрлер құрамында айтарлық өзгерістер болады, кафедра жаңа мамандармен толықтырылады. Кафедрада факультет түлектері жұмыс істей бастайды: А.А.Г.Карабаева – қазіргі кезде философия ғылымдарының докторы, профессор; Р.Х.Қабылова - қазіргі кезде философия ғылымдарынынң кандидаты, доцент. Сол кезеңде кафедрада ф.ғ.к., доцент Г.А.Демаков, ф.ғ.к., доцент, кейіннен ф.ғ.д., профессор Б.К. Құдайбергенов (1945-2007), ф.ғ.к.,доцент С.А.Омаровалар белсенді қызмет атқарады.

Бәрімізге белгілі, 80-ші жылдардың екінші жартысында оқу үрдісінде қайта құрулар болып, жаңа оқу-әдістемелік кешеніне өту басталады. Тарихта тұңғыш рет тек философия тарихында ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында лекция-семинар сабақтарын ұйымдастырып, өткізудің жаңа түрлері енгізіле бастайды. Кафедра ұжымы осындай қиын міндеттерден сүрінбей өтіп, жаңа типтік және оқу жұмыс бағдарламаларын жасауда біршама табыстарға жетті. Философиялық білім беру жөніндегі ескі стандарттарды мазмұндық жағынан өзгерту үрдісіне белсенді қатынасты.


Ю.Е. Лифанов, О.А. Сегізбаев, Рахметов, Т.С. Сәрсенбаев

 1991 ж. философия-экономика факультеті екі тәуелсіз факультетке - (философия және саясаттану, экономика және социология факультеттері ) бөлінеді. Кейінірек 1993-1994 оқу жылы социология бөлімі философия және саясаттану факультетінің құрамына қосылады.

90-шы жылдардың ортасында кафедрада қазіргі заманға лайықты ғылыми-педагогикалық «келбет» қалыптасады, ұрпақтар алмасуы басталады. А.Х.Қасымжановтың жетекшілігімен кафедраның жаңа толқын ұжымы қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Олар: ф.ғ.д., профессорлар Алтаев Ж.А., Хасанов М.Ш., Қарабаева А.Г., ф.ғ.к., доценттер Асқаров Н.А., Еділбаева С.Ж., Мямешева Г.Х., Хамзеева Б.Х., Сырғақбаева А.С., Швыдко А.А., саясаттану ғылымдарының кандидаттары, доценттер Атымтаева К.М., Сүлейменов П.М. Кейінірек бұл құрамды жас мамандар аға оқытушылар Лифанова Т.Ю., Әмірқұлова Ж., Нығметова Ә.Т. толықтырады.

1993-2000 жылдары А.Х.Қасымжановтың жетекшілігімен кафедра ұжымы берілетін пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенді тереңінен қайта қарастырып, өзгерістер енгізу жөнінде зор мағыналы жұмыстар атқарды.

Осы кезеңде оқытушылар бұрыннан оқытылып жүрген «Адам және қоғам философиясы», «Философия негіздері» т.б. пәндерді түбегейлі қайта қарастырып қана қойған жоқ, сондай-ақ түбегейлі философиялық маңызы бар бірқатар жаңа пәндер енгізді. Мысалы, «Философиялық антрополгия», «Құқық философиясы», «Тарих философиясы», «Білім философиясы», «Саясат философиясы». «Философия және ғылым методологиясы» (магистранттарға арналған), «Әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің философиялық проблемалары», «Ғылымның философиялық проблемалары»(философия бөлімінің студенттері үшін).

Кафедраның тарихында 1993-1994 жылдардан 2000-2001 оқу жылына дейінгі кезеңде оқу процессіне жаңа жүйелер енгізіліп, студенттердің білімін бағалаудың рейтингтік жүйесі жасалынды. Осы кезеңде кафедраның жұмысының комплексіне кіретін негізгі және арнаулы курстар кезекті қайта өңдеулерден өткізілді. Типтік, оқу және жұмыс бағдармаларының жаңа үлгілері жасалды; сынақтар мен емтихандарды қабылдап, өткізудің жаңа әдістері енгізілді, барлық негізгі пәндер бойынша тестік тапсырмалар жасалды, сондай-ақ философия негіздері, әлеуметтік философия, философиялық антропология сияқты курстар бойынша емтиханның жаңа формасын енгізу жүзеге асырылды.


Философия және әлеуметтік таным методологиякафедрасының ұжымі, 1998 ж.

Философиялық білімді мазмұнды қайта құру процессі 2004 жылы кредиттік оқу жүйесін енгізуге байланысты одан әрі жалғасты. Кафедра еліміз бойынша жаңа ұрпқтар алдында Қазақстан Республикасында философия мамандығы бойынша Мемлекеттік стандартты және философиялық антропология, құқық философиясы, тарих философиясы, саясат философиясы, әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиясы және методологиясы пәндері бойынша типтік бағдарламалар жасаудың ғылыми-әдістемелік орталығына айналды.

2004 жылы, кейіннен 2006 жылы профессор ж.Алтаевтың жетекшілігімен кафедра ұжымы 050201 – философия (бакалавриат) және 6N0201 – философия (магистратура) мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім беруге арналған жалпыға бірдей мемлекеттік стандарт жасалды. Жаңа стандарт бойынша міндетті түрде оқытылатын пәндердің қатарына «Әлеуметтік-философиялық компаративистика», «Әлеуметтік антропология», «Әлеуметтік эпистемология», «Қазақ философиясының антропологиялық дискурсы», «Ғылым тарихы мен философиясы», т.б. енгізілді. 2004 жылдан бастап факультетте мынандай пәндер енгізіліп оқытылуда: «Құқық философиясы», «Евразияшылдық философиясы», «Шығармашылық философиясы», «Сана және бейсаналық философиясы», «Уақыт философиясы», «Тіл философиясы», «Бизнес философиясы», «Қазіргі қоғам философиясы».

Кафедра әрқашанда жаңа технологиялық оқу жүйесін енгізуде ерекшеленді. Осы саланың пионерлері қатарына кафедраның атақты ғалымдары А.Х.Қасымжановты (Касымжанов А.Х., Кельбуганов А.Ж. «О культуре мышления» А.,1981), И.С.Хорошилованы, С.А.Омарованы («Организация самостоятельной работы студентов и активные методы обучения м-л.философии», учебно-методическое пособие. А.,1988) атап өтуге болады. 2003 жылы доцент Мямешева Г.Х. Н.А.Осановпен бірлесіп «Научно-методическое обоснование использования активных методов обучения» деп аталатын жұмыс жазып жарыққа шығарды.

Бүгінгі күнде аудиториядв өткізілетін (пресс-конференция, брифинг, семнардағы емтихан, «шағын топтар» әдісі) сияқты танымал әдістерден басқа оқудың жаңа технологиялық түрлері: жабаша философиялық шығармалар және эссе жазу, «пайдалы шпаргакалар», «философиялық театр», «философиялық ертегі» , «интеллектуальдық хоккей» сиқты түрлері де қолданылады.

Кафедра ірі шетелдік біліми және ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастық, достық қарым-қатынастар жасап келеді. Олардың ішінде Москваның және Санкт-Петербургтың мемлекеттік университеттері, Қырғыз Ұлттық университеті, Өзбекстан Ұлттық университеті, Оклахома университеті (Оклахома университеті, АҚШ), Өзбекстанның Философия және құқық институты, Тәжікстанның философия және құқық институты, Кентуки Штатының Американдық Орталығы, Индиана университетіндегі (АҚШ) «Ішкі Азия» Орталығы, Сорос-Қазақстан қоры, Ф. Эберт атындағы және «Еуразия» қорлары, т.б.

Кафедра мүшелері монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары т.б. шығарумен де белсенді айналысады. Соңғы бес жылдың ішінде кафедра мүшелерінің шығарған ғылыми-әдістемелік оқулары мен мақалалары 35 б.т. тұрады. Оларға Ж.Алтаевтың, А.Г.Қарабаеваның, Н,А.Асқаровтың. А.Сырғақбаеваның, М.Ш.Хасановтың, Б.Хамзееваның монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдарын жатқызуға болады. Сондай-ақ К.М.Атымтаеваның, Т.Ю.Лифанованың, Г.Х.Мямешеваның, С.Ж.Еділбаеваның, А.Т. Нығметованың, Ж. Әмірқұлованың, П.М.Сүлейменовтің зерттеулерін атап өтуге болады.

2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті өзінің 75 жылдық мерей тойын атап өтеді. Оның жартығасырдан астам тарихына Қазақстандағы философиялық білімнің тарихы да енеді. Оның бөлінбейтін бөлшегі философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасының профессорлары, доценттері,т оқытушылары, қызметкерлерінің іс-қызметі.

Соңғы жылдары кафедра атауы өзгерді. Өзгермей қалғаны оның жұмысының мәні - қоғамда дүниеге деген көзқарасты, рухани құндылықтарды дамыту, ғылыми әлеуметтік-гуманитарлық мәдениеттің жоғарғы үлгісін жаңа жағдайға лайықтап қалыптастыру. Ұлы қазақ ағартушысы, ақын, философ Абайша айтатын болсақ. «Адам даналардың айтқан сөзін естей сақтай отырып ақылды болады. Дегенмен кезкелген пікір алмасу... өздігінен ешнәрсе бермейді. Естігеніңнен дәннің қабығынан ажырағаны секілді ақиқатты бөліп алу керек, оны керегіңе жарата біл. Адамның ақыл-ойы осылайша пайда болады». Ұлы гуманистің осы өсиетін есте сақтай отырып, кафедраның оқытушылары ғылым Сөзі жастарға, студенттерге, жас ғалымдарға Ақиқатты іздеу жолында өз соқпақтарын табатындарына үлкен сенім білдіреді.